Шымкентте өткен тәулікте 19 адамнан коронавирус анықталды

0
328

13 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 6 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте өткен тәулікте 19 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте соңғы тәулікте 19 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ауырғандардың барлығында ауру белгілері байқалған.
Қазір 13 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 6 адам үй бақылауына алынды.

Бүгінде инфекциялық стационарларда барлығы 763 орын бар, төсек-орын толымдығы 35%-ды құрап, 471 орын бос.
Карантин талаптарын бақылайтын арнайы топ 1 қараша күні 283 кәсіпкерлік нысанға тексеру жүргізіп, 6 нысанда тәртіп бұзылғанын анықтаған.