Шымкентте өткен тәулікте 20 адамнан коронавирус анықталды

0
321

16 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 4 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте өткен тәулікте 20 адамнан коронавирус анықталды

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен тәулікте 2649 адам вакцина алды: I компонент – 504, II компонент – 2145. Егу науқаны басталғалы барлығы 174 911 адам вакциналанды.
31 мамыр күні КВИ-дің 20 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 17, белгілері жоқ – 3). 16 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 4 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық - 490, «Атамекен» клиникасы - 450, Орынбай ГБОО - 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6). Төсек-орын толымдығы – 37 %.
Қалада санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 31 мамыр күні 196 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 5 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.