Шымкентте өткен тәулікте 420 адамнан коронавирус анықталды

0
523

Оның ішіндегі 172 адамда белгілері бар.


Шымкентте өткен тәулікте 420 адамнан коронавирус анықталды

Шымкентте өткен тәулікте коронавирустың 420 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішіндегі 172 адамда белгілері бар болса, 248-де белгілері жоқ. Індет жұқтырған 55 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 365 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 44%-ды құрайды, 434 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 349 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 122 төсек орын бар, 36 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 523 адам вакцина алды (I компонент- 190, II компонент- 333). Егу науқаны басталғалы барлығы 593 955 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 581 065 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 28 634 адам, II компонентін 11 463 адам қабылдады. Сондай-ақ, 58 025 адам ревакцинацияланды.