29 сәуір күнге КВИ-дің 105 жағдайы тіркелді.
Шымкент қаласында өткен тәулікте 8 058 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
I компонент – 7 280, II компонент – 778. Егу науқаны басталғалы барлығы 103 360 адамға екпе салынды. Оның ішінде 12 358 адам вакцинаның екі компонентін алған.
29 сәуір күнге КВИ-дің 105 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 70, белгілері жоқ - 35). 30 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 75 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6).
Сондай-ақ, өткен тәулікте 562 нысанға (548 кәсіпкерлік нысан, 14 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 15 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.