9 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 22 адам үй бақылауына алынды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ жұмыс істеуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кешегі күні 207 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 4 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, өткен тәулікте КВИ-дің 31 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 17, белгілері жоқ – 14). 9 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 22 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 276 орын бар. Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 456 126, тәулігіне-1741.
Бір тәулік ішінде қалада 6071 адам вакцина алды (I компонент-3274, II компонент-2797). Екпе басталғалы барлығы 217 077 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 122 144 адам вакцинаның екі компонентін алды.