Павлодар облысына 40 адам баруға дайын екенін жеткізсе, Солтүстік Қазақстан облысына 72 азамат көшуге ықылас танытқан.
Шымкент қаласында ұйымдастырылған өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мыңға жуық тұрғынға кеңес берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 422 азамат еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға ниет білдірген. Оның ішінде 8 адам пробация есебінде тіркелген.
Атап айтқанда, Павлодар облысына 40 адам баруға дайын екенін жеткізсе, Солтүстік Қазақстан облысына 72 азамат көшуге ықылас танытқан. Олардың қатарында пробация есебінде тұрған 4 адам бар.
Сонымен қатар, Абай облысына 60 азамат қоныс аударуға ниетті, оның ішінде 1 адам пробация есебінде. Шығыс Қазақстан облысына көшуге 200 азамат қызығушылық танытып отыр, олардың біреуі пробация есебінде тіркелген.


