Шымкент полицейі қылмыскерді ұстау кезінде пышақ жарақатын алды.
ERNUR.KZ. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері патруль кезінде көлік тұрағы жанынан күдікті тұлғаларды көріп, мән-жайды білмек болады, алайда ер адамдардың бірі қашуға тырысқан, деп жазады sputniknews.kz.
Учаскелік полицей соңынан ілесіп, қуып жеткенде, ер адам оған қарсылық көрсетіп, бірнеше рет пышақ салады. Жарақатына қарамастан полиция қызметкері қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолданып, қылмыскерді ұстады.
Кейін зардап шеккен полицей қалалық ауруханаға жеткізілген.
Күдіктілер уақытша ұстау абақтысында отыр, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.