Полиция департаменті қызметкерлеріне отандық «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы салынуда.
Шымкентте полиция департаменті қызметкерлерін ковидке қарсы вакциналау жұмыстары басталды. Тәртіп сақшыларына екпе егу жұмыстары жергілікті тіркелген емханаларында жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Полицейлерді вакциналау үшін 21 алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде арнайы кабинеттер дайындалған.
Айта кетейік, полиция департаменті қызметкерлеріне отандық «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы салынуда. Егу науқанын сапалы өткізу үшін мыңнан аса медицина қызметкері дайындық курсынан өтті. Вакциналау ерікті негізде жүргізіледі.