Шымкентте полиция қызметкерлері жазғы кафенің жұмыс істеуіне тыйым салған

0
420

Департамент мүдделі мемлекеттік органдармен бұл проблемалық мәселені егжей-тегжейлі зерттеді.


Шымкентте полиция қызметкерлері жазғы кафенің жұмыс істеуіне тыйым салған

Шымкентте полиция қызметкерлері жазғы кафенің жұмыс істеуіне тыйым салған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне кәсіпкерлер «Арбат» аумағындағы кафеге қосалқы учаскесінде үстелдерді орналастыруға тыйым салған учаскелік полиция инспекторларының әрекеттеріне шағымданған.

Департамент мүдделі мемлекеттік органдармен бұл проблемалық мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, нормативтік тыйым жоқ екендігі анықталды.

Осы мәселені зерделеу мақсатында қала әкімдігі мен Жергілікті полиция қызметінің бейінді басқармасымен кездесу өткізіліп, кәсіпкерлерге қатысты негізсіз талаптар тоқтатылды”, - делінген жазбада.