Жоба іске асырылғалы бері бүгінге дейін 122 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізген.
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков қала аумағын аралау барысында Нұрлыбаев көшесі №8 үйдің тұрғындарына жаңа пәтер кілттерін табыстады.
Төрт отбасы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында баспанамен қамтылды. Жоба іске асырылғалы бері бүгінге дейін 122 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізген.
Жаңа тұрғын үйлер Шымкент Сити және Тұран шағынаудандарында орналасқан. Пәтерлер қоныстануға толық дайын. Қала әкімі қоныс иелерін қуанышты сәтпен құттықтап, шағынауданды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Сонымен қатар Қаратөбе тұрғын алабындағы Қарағаш көшесінде, Бозарық шағынауданындағы Ханқорған көшесінде және Ынтымақ шағынауданындағы Майбұлақ көшесінде жүргізіліп жатқан жол құрылысы жұмыстарының барысымен танысты.
Жауапты тұлғалар мен мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу, белгіленген мерзімдерді қатаң сақтау және жөндеу кезеңінде тұрғындарға келетін қолайсыздықтарды барынша азайту тапсырылды.


