Шымкентте салмағы 6 келі бала дүниеге келді

0
612

Батыр баланы 31 жастағы келіншек өмірге әкелген.


Шымкентте салмағы 6 келі бала дүниеге келді

Шымкент қаласындағы №2 ауруханаға қарасты перзентханада 10 мамыр күні таңғы сағат 07:30-да салмағы 6 келі ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Батыр баланы 31 жастағы келіншек өмірге әкелген. Бөбек анасының үшінші перзенті екен. Білікті дәрігерлер алып сәбиді іштен жарып алмай, анасын табиғи жолмен босандырып алған. Алып сәбиді ата-анасы Алпамыс деп атады.

Ведомство мәліметінше, ана мен баланың жағдайы қалыпты. Дәрігерлер оларды келер аптада өз үйлеріне жібермек. Тек алып салмақпен туылған сәбиге ерекше күтім жасап, алдағы уақытта оның салмағын қадағалау қажет дейді, - мамандар.

“1992 жылғы жүкті әйел 10.05.2023 түнгі сағат 01:05-те №2 Қалалық аурухананың перзентханасына жедел жәрдем қызметімен жеткізілді. Диагнозы 4 жүктілік, 41 апта “ірі ұрықты”. 10 мамыр күні таңғы сағат 07:30-да батыр ұл бала дүниеге келді. Салмағы - 6000,0 гр, бойы – 65 см. Босанушы әйел ешқандай жыртылусыз өзі босанды”, - дейді дәрігерлер.