Оқиғаға қатысушыларға сот-медициналық сараптама тағайындалды.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкенттегі жоғарғы оқу орындарының жатақханаларының бірінде шетелдік студенттер арасында шу шыққан. Үндістаннан келген студенттер арасында тұрмыстық дау туындаған көрінеді. Бұл ақпаратты Шымкент қалалық полиция департаменті де растап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
"Ағымдағы жылы қаңтардың 12-ден 13-не қараған түні қаладағы жоғары оқу орындарының жатақханасының бірінде шетелдік білім алушы студенттердің арасында тұрмыстық негізде жанжал орын алған. Аталған жайт бойынша Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлерімен ҚР ҚК-ның 105 бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиға орнына дер кезінде жетіп келген полиция қызметкерлері оқиға қатысушыларын Әл-Фараби АПБ-на жеткізіп, сот-медициналық сараптаманы тағайындады. Сараптаманың қорытындысына сәйкес заңды шешім қабылданады. Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда", - деп хабарлайды Шымкент қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.