Шымкентте шығарылатын жиһаздарға сұраныс жоғары

0
773

15 жылдан бері жиһаз шығаратын кәсіпорын нарықта бренд қалыптастырып отыр.


Шымкентте шығарылатын жиһаздарға сұраныс жоғары

Шымкент жиһаздарына сұраныс көп, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекеттік қолдауға ие болған өндіріс орындарының бірі - “MEGA SMART” серіктестігі “Тассай” индустриялды аймағында орналасқан. 15 жылдан бері жиһаз шығаратын кәсіпорын нарықта бренд қалыптастырып отыр. Шымкент жиһаздарына сұраныс артып отырғандықтан, былтыр өндіріс аумағы кеңейтіліп, «Mega Smart B2B» ЖШС іске қосылды. Шеберлер үйге, кеңсеге арналған корпусты және жұмсақ жиһаздарды тапсырыспен әзірлейді.
Еуропалық қондырғылармен жабдықталған кәсіпорын 120-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Айына жүз жақты жиһаз жинағын шығаруға мүмкіндігі бар серіктестіктің бүгінде Астана, Алматы қалаларында да арнайы сауда нүктелері бар.
Сондай-ақ, Шымкентте өндірілетін "Мега Смарт" зауытының жылтыр плиталарына да елімізде сұраныс жоғары. «Тассай» индустриалды аймағындағы «Мега СМАРТ» ЖШС МДФ жылтыр плита және жиһаз өндірісі 2016 жылы іске қосылған болатын. Қазіргі таңда «Мега Смарт» зауыты – еліміздегі баламасы жоқ бірегей өндіріс орны. Оңтүстік Корея технологиясымен жабдықталған кәсіпорын 3D форматындағы жылтыр тақталарды да дайындайды. Жылына 72 мың МДФ панелдерін және 5000 дана жиһаз жиынтығын шығаруда. Олардың басым көпшідігі кеңселерге және білім беру мекемелеріне аса қажетті жиһаздар. Дайын тауарға жұмсалатын шикізаттың басым бөлігі ресей және жергілікті өнім. Оның қатарында мақта талшығы да қолданылады. «Мега Смарттың» өнімдеріне Қазақстанда сұраныс жоғары. Жылтыр тақталар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне экспортталуда. Жалпы 1,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Бүгінгі таңда 157 адам жұмыс істейді. Дайын өнімдердің 60%-ы ішкі нарыққа, 30%-ы экспортқа жөнелтілуде.
Аталған өндіріс орнына «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қолдау көрсетілген.