Шымкентте "Soft skills" тұлғалық қабілетті дамыту бойынша тренинг өтті

0
1 367

Тренингке «Көшбасшылық психологиясы» тақырыбында Гульжан Вероцкая мен «Қоғаммен байланыс және ораторлық шеберлік» тақырыбында Кәусар Елемесова қатысты.


Шымкентте

Шымкентте «Professional» жобасы аясында "Soft skills" тұлғалық қабілетті дамыту бойынша тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Soft skills" - сала немесе қызмет түрін өзгерту арқылы кәсіби "өзіңізбен бірге алып" алатын білім.

Бұл мансап үшін маңызды дағдылар, ол жұмыс тиімділігін және басқа адамдармен өзара әрекеттесуді арттырады. Тренингке арнайы «Көшбасшылық психологиясы» тақырыбында Гульжан Вероцкая мен «Қоғаммен байланыс және ораторлық шеберлік» тақырыбында Кәусар Елемесова қатысты.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Ж.Намаз:

"Бүгін жастардың өмірге дағдылануына әсер ететін пайдалы тренинг өтті. Бұл «Soft skills» дамыту бойынша тренингі жастарға коммуникабельділік, командада жұмыс істей білу, креативтілік, ұқыптылық, тепе-теңдік сияқты әлеуметтік, интеллектуалдық және ерік құзыреттіліктерін үйретеді. Бұл іс-шара жыл соңына дейін өз жалғасын табатын болады",- дейді.