Қатысушыларға лудомания, дипфейк, қаржылық пирамидалар және дропперлік сияқты заманауи қаржылық қауіптердің алдын алу бойынша ақпарат берілді.
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен ауқымды іс-шара өткізілді.
Шараға 300-ден астам адам қатысып, спорттық белсенділік, қоршаған ортаны қорғау, қаржылық сауаттылықты арттыру және заң мен тәртіпті сақтау бағыттарына назар аударылды.
Іс-шара барысында таңғы жаттығу және плоггинг акциясы ұйымдастырылып, қатысушылар қоршаған ортаны тазартуға үлес қосты.
Сонымен қатар қатысушыларға лудомания, дипфейк, қаржылық пирамидалар және дропперлік сияқты заманауи қаржылық қауіптердің алдын алу бойынша ақпарат берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту.


