​ШЫМКЕНТТЕ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚОСЫМША КОРПУСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

0
151


​ШЫМКЕНТТЕ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚОСЫМША КОРПУСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебі қосымша корпусының ашылу салтанатына қатысты.

Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында қолданысқа берілген екі ауысымда жұмыс істейтін нысанда бір мезетте 200-ге жуық спортшы оқу-жаттығумен айналыса алады. Мұнда ауқымды спорттық жарыстар өткізуге болады.

Заманауи талапқа сай бой көтерген ғимараттың жертөлесінде пауэрлифтинг және ауыр атлетика залдары және киім ауыстыру бөлмесі, душ қарастырылған. Сондай-ақ жаттықтырушылар, инструкторлар, төрешілер бөлмелері бар. Бірінші қабатта вестибюль-фойе, күзетші бөлмесі, асхана, 210 орындық көрермендерге арналған трибунасы бар әмбебап спортзал, медициналық пункт жайғастырылған. Ал екінші қабатта демалыс холы, бокс, күрес, бадминтон оқу-жаттығу залдары орналасқан.
Бүгінде спорт мектебінің үздіктері үстел теннисі, бокс пен таеквондодан Ұлттық құрама сапында, Әлем, Азия чемпионаттарында жеңімпаз атануда.
Бөлісу