Шымкентте ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ баспасөз брифингін ұйымдастырды.
2019 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша Шымкент қаласы бойынша 13 оқу орнындағы студенттік жатақхана орындарына қажеттілік 8 400 орын-жайды құрап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық коммуникация орталығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ «Білім беру саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында өткен баспасөз брифингінде мәлім болды.
Сондай-ақ, биыл жоба аясында 600 орынды 2 жатақхана пайдалануға берілген. Сонымен қатар, жылдың соңына дейін 361 орынға арналған 2 объектіні енгізу жоспарланып отырғандығы брифинг барысында айтылды.
Ақпараттық түсіндіру акциясының аясында студенттік жатақханалар мен жеке меншік мектептерді салу мәселелері бойынша, сонымен қатар, Шымкент қаласының кәсіпкерлік қоғамдастығы мен оқу орындары үшін әлеуметтік нысандарды салу жобаларына қатысудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері де түсіндірілді.
"Қазіргі кезде Қазақстанда 90 мыңға жуық студенттер жатақханаға мұқтаж. Әсіресе негізгі сұраныстың бөлігі үш қаласында шоғырланған. Бұл Нұр-Сұлтан қаласы, Аламаты және Шымкент қалалары. 2000 жылдардың басында елімізде демографиялық өсім байқалған. Сол жылдары туылған балалар бүгінде олар студенттер қатарына қосылады. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртетін болсақ, келер 10 жылдың көлімінде Қазақстанда студеттердің саны жыл сайын артып отырады. Демек, жатақхана мәселесі актуалдылығын жоғалтпайды. Кәсіпкерлер үшінде тиімді болатыны анық", дейді «Қаржы орталығы» АО студенттердің жатақханаларға операторлық ету бойынша департаментінің директоры Біржан Алимжанов.
Оқушылар орындарының тапшылығын азайту мақсатында Шымкент қаласында реконструкция жасау арқылы 3777 орындық 8 мектеп және құрылыс салу арқылы 2 352 орындық 3 мектеп ашылды.