Шымкентте тағы 5 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

0
599

Шымкентте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 189 адам анықталды.


Шымкентте тағы 5 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Шымкент қаласында тағы 5 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Вирус жұқтырғандар 1965, 2004, 2007, 2011, 2012 жылы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
29.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 189 адам анықталды.