ERNUR.KZ. Шымкент қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасы А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта өтіп, оған қала тұрғындары мен түрлі мекеме қызметкерлері белсенді қатысты. Атап айтқанда, Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметі КММ ұжымы да сенбілікке қатысып, тазалық жұмыстарына атсалысты.
Іс-шара барысында саябақ аумағы қоқыстан тазартылып, санитарлық жұмыстар жүргізілді. Қатысушылар қоғамдық орта тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстарды жүзеге асырды.
Мұндай игі бастамалар қала келбетін көркейтіп қана қоймай, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.


