Шымкентте теміржол вокзалындағы символдық сағат қайта жанданды

0
153


 Шымкентте теміржол вокзалындағы символдық сағат қайта жанданды

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы Теміржол вокзалы алаңында, гүлденген айналма қиылыстың ортасында, биік әрі зәулім бағанада 4 бағытқа қарайтын сағаттар орналасқан.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мегаполистің көрнекті нысанына және визиттік карточкасына айналған аталмыш нысанның сағаттары іске қосылды.
Сағатқа қосалқы Швейцариялық «Hublot» бөлшектері орнатылып, бюджет қаражатынан тыс демеушілер есебінен сағат тілі қайта қозғалысқа енді.
Бұл жердің тағы бір ерекшелігі — вокзалдағы бұл сағаттар қаланың жалғыз қоғамдық сағаттары.
Бөлісу