Қоғамдық көліктерге қатысты арыз-шағымдар бойынша «Iкөмек» - 109 нөміріне хабарласуға болады.
Шымкентте «Төлем» электрондық жүйесіне мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласының қоғамдық көліктерінде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі негізінде 9 қарашадан бастап сараланған тариф енгізілді. Тарифке сәйкес қолма-қол төлем 100 теңге болса, электронды төлем 70 теңге.
Карталарды автобус кондукторларынан, қаладағы 350 сауда нүктелерінен, «Зерде» дәріханаларынан және халыққа қызмет көрсету орталықтарынан сатып алуға болады.
Казіргі уақытқа дейін сатылған карталарға қатысты деректерді жүйеге жүктеу арқылы офлайн қызметін қосу бойынша жұмыстар атқарылуда.
Электрондық жүйеге мониторинг жүргізу үшін «ЦДС» МКМ-де арнайы қызмет құрылды. Оған қоса, мониторинг жүргізуге 50-ге жуық ерікті тартылды. Әзірге мониторинг жүргізуге 23 жұмысшыдан тұратын 11 топ құрылды, әрі қарай қоғамдық жұмысшыларды тартып, жалпы 200 адамға дейін көбейту жоспарлануда. Аталған топтар тұрақты түрде маршруттарда жұмыстар атқарады.
Қоғамдық көліктерге қатысты арыз-шағымдар бойынша «Iкөмек» - 109 нөміріне хабарласуға болады.