Шымкентте «Төлем» компаниясының халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

0
2 326

Онда «Төлем» картасына қатысты туындаған мәселелер бойынша қызмет көрсетеді.


Шымкентте «Төлем» компаниясының халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Шымкент қаласында «Төлем» компаниясының фронт-офисі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қызмет көрсету орталығының негізгі мақсаты - арыз-шағым, ұсыныстар қабылдауға және оқушылар, студенттер картасын тікелей өтінім беруге немесе дайын картаны алуға арналған. Яғни «Төлем» картасына қатысты туындаған мәселелер бойынша қызмет көрсетеді.
Осыған дейін компанияның жеке офисі күніне 300-500 адам шамасында қабылдап жүрсе, ендігі жерде арнайы ашылған орталық тұрғындарды екі есе көлемде қабылдауға дайын.

Фронт-офистің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ержан Жолдасов, «QazSmartTrans» ЖШС-ның директоры Сержан Ақылбаев қатысты.

Фронт-офистің мекенжайы: Әл-Фараби алаңы №9.