Шымкентте тонаушы әйелдің мойнындағы алтын алқасын жұлып әкеткен

0
896

Оқиға түнгі 22.00 шамасында болған.


Шымкентте тонаушы әйелдің мойнындағы алтын алқасын жұлып әкеткен

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте әйелдің мойнынан алтын алқасын жұлып алып қашып кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мегаполистің Әл-Фараби ауданында түнгі сағат 22:00 шамасында бейтаныс адам жас әйелге шабуыл жасап, оның мойнынан қымбат алтын алқаны жұлып алып, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Орын алған жайт туралы жәбірленуші полицияға хабарлады. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, Әл-Фараби АПБ-на жеткізді. Ол 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.