Ірі сауда объектілерінің, сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеу уақыты сағат 10:00- ден 18:00- ге дейін шектелген
Ірі сауда объектілерінің, сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеу уақыты сағат 10:00- ден 18:00- ге дейін шектелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
- ірі сауда объектілерінің, сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеу уақыты сағат 10:00- ден 18:00- ге дейін шектелген ( азық- түлік дүкендері мен супермаркеттерді қоспағанда);
- азық-түлік дүкендері, азық- түлік супермаркеттері мен азық- түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейді;
- киім-кешек базарларының жұмысы сағат 11:00- ден 17:00-ге дейін шектелді. Барлық сауда объектілерінде санитарлық-эпидемияға қарсы іс- шараларды тұрақты жүргізілуі тиіс. Қоғамдық тамақтану орындарында, оның ішінде СОО фуд-корттарында дезинфекция жүргізілетін болады;
- азық- түлік қауіпсіздігі шараларын тиімді іске асыру , оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үздіксіз жеткізу және бағаны тұрақтандыру қамтамасыз етіледі;
- қоғамдық көлік соңғы аялдама пункттерінде және жуу орындарында автобустарға дезинфекция жүргізу арқылы бұрынғы режимде жұмыс істейді;
- балабақшалар медициналық және санитарлық бақылауды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейтін болады;
- мектептен тыс қосымша білім беру объектілерінің ( оқушылар сарайы, аула клубтары, үйірмелер, секциялар, компьютерлік клубтар) қызметі тоқтатылды, сондай-ақ барлық спорт нысандары жабылды. Оқу-жаттығу жиындары, спорт түрлері бойынша жаттығулар, барлық деңгейдегі жарыстар тоқтатылды;
- ойын-сауық, спорттық (көрермендердің қатысуынсыз өткізілетіндерді қоспағанда) және басқа да бұқаралық іс- шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салынады;
- кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көңіл көтеру орындарының (түнгі клубтар, караоке, барлар, компьютерлік клубтар, фитнес-орталықтар, жаттығу залдары, бассейндер, моншалар) және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі тоқтатылды;
- мейрамханалардың, дәмханалардың және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22:00-ге дейін шектелген, бұл ретте бір жолғы адамдардың саны 50 адамға дейін шектеу;
- кафеде, мейрамханаларда кальян (қорқор) пайдалануға тыйым салынады;
- ұйымдарға қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне аудару ұсынылған.