Шымкентте Украинадан келген велосаяхатшыны белгісіз біреулер ұрып-соғып, тонап кеткен

0
950

Бағалы заттары қолды болған велосаяхатшының қабырғасы сынған.


Шымкентте Украинадан келген велосаяхатшыны белгісіз біреулер ұрып-соғып, тонап кеткен

Шымкент қаласына төрт мың шақырым жүріп жеткен велосаяхатшыны белгісіз үш адам тонап кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Төрт мың шақырым жол жүріп, Шымкентке келген саяхатшыны тамыз айының басында белгісіз біреулер тонап кеткен. Кіндік қаны тамған Шымкентте мұндай жағдайға тап боламын деп ойламаған велосаяхатшының қабырғасы сынған. Сондай-ақ, белгісіз үш қылмыскер жәбірленушінің сөмкесін және қомақты қаржысын алып кеткен көрінеді. Бұл оқиғаның салдарынан саяхатшы әзірге велосаяхатын тоқтатуға мәжбүр болып отыр.

Аталған оқиғаға байланысты Шымкент қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Айта кетейік, Украина елінен келген велосаяхатшы Владимир Галигузов Қырым, Ресей,Өзбекстан жерін басып өтіп Шымкентке жеткен. Енді, денсаулық жағдайы тұрақтанған соң Қырғызстанға жол тартпақ.