Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандырудың бірінші кезеңі осы жылдың қазан айының соңында аяқталған.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов тұрғындармен бірге Қайнарбұлақ (екінші кезең), Тассай және Еламан тұрғын алаптарын, сондай-ақ Тассай индустриялық аймағын газдандырудың екінші кезеңі шеңберінде бірқатар кәсіпорынды газға қосуға қатысты.
Қала әкімі тұрғындардың қуанышына ортақтасып, газды пайдалану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Аталған шағын аудандарды табиғи газға қосу шаралары өткен жылдан бері жүргізіліп келеді. Жұмыстардың уақтылы аяқталуының нәтижесінде Шымкентте 25 мыңнан астам абонент 2024 жылы көгілдір отынға қол жеткізе алады.
Бұған дейін Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандырудың бірінші кезеңі осы жылдың қазан айының соңында аяқталғаны хабарланған еді.