​ШЫМКЕНТТЕ ҰСТАЗДАР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

0
158

Бүгінде Шымкентте мұғалімдердің сапалы жұмыс істеуіне және оқушылардың білім алуына қажетті жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.


​ШЫМКЕНТТЕ ҰСТАЗДАР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға, ұстаздық – ұлы міндет» атты салтанатты іс-шараға қатысты.

Қала әкімі педагогтер мен білім беру саласының ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ұстаз еңбегінің өскелең ұрпақтың қалыптасуы мен болашағындағы маңызын атап өтті.
Іс-шара барысында білім беру саласының үздік қызметкерлеріне Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалар – «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медальдары табысталды. Сондай-ақ бірқатар педагог Алғыс хаттармен марапатталды.
Бүгінде Шымкентте мұғалімдердің сапалы жұмыс істеуіне және оқушылардың білім алуына қажетті жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соңғы екі жылда қалада 13 білім беру нысаны пайдалануға берілді.
Сонымен қатар Тұран, Shymkent City және Асар-2 шағынаудандарында жаңа мектептердің құрылысы жалғасып жатыр. №7 IT мектеп-лицейін заманауи талаптарға сай жаңғырту жоспарланған.
Қала оқушыларының жетістіктері білім беру саласындағы жұмыстың нәтижесін көрсетіп отыр. Шымкенттің 80-нен астам түлегі әлемнің 100-ден астам жетекші университетінен шақырту алып, халықаралық білім беру гранттарының иегері атанды.
Халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалар мен жарыстарда қала оқушылары 16 алтын, 44 күміс және 63 қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар «Алтын белгі» төсбелгісін иеленетін түлектер саны да артып келеді.
Қала әкімі ұстаздардың кәсіби біліктілігіне, өз ісіне деген адалдығы мен күнделікті еңбегіне ерекше тоқталып, білім беру саласының дамуына қосып отырған үлесі үшін алғыс білдірді.
Бөлісу