Үздік деп танылған 29 жасты шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің өзі марапаттады.
Шымкентте түрлі салада жетістікке жеткен жастар «ҮЗДІК ЖАСТАР- 2020» премиясымен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ережеге сәйкес, 14-29 аралығындағы 175 жас байқауда бақ сынады. Үздік деп танылған 29 жасты шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің өзі марапаттады. Жастарды жеңісімен құттықтап, шығармашылық оларға табыс тіледі.
– Шымкент – жастардың қаласы. Қала тұрғындарының басым бөлігі жастар. Жас буын қашан да ел назарында. Елге қызмет ету тек білімді ғана емес, намысты да талап етеді. Жас ұрпақтың ар-намысы жоғары болса, мемлекетіміздің мәртебесі биік болады, - деді М.Әйтенов.
Шымкент қаласында 239 мыңнан астам жас болса, ол қала тұрғындарының 23%-ын құрайды. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 117 728 жас білім алады. Оның 57 мыңнан астамы талантты, дарынды және шығармашыл жастар.