Шымкентте жалақы қарызы бойынша 819 шағым түскен

0
651

Заң бұзушылықтардың негізінде 73 нұсқама беріліп, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 3,024 млн теңге көлемінде 27 әкімшілік айыппұл салынды


Шымкентте жалақы қарызы бойынша 819 шағым түскен

Шымкентте өндірістік жазатайым оқиғалар азайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов мәлімдеді.

– Осы жылдың 9 айында жалақы қарызы, өндірістегі жағдайлар бойынша азаматтардан 819 арыз-шағым түсіп, 140 тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 164 заң бұзушылық анықталып, оның 143-і заңға сәйкестендірілді. Бұзушылықтардың негізінде 73 нұсқама беріліп, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 3,024 млн теңге көлемінде 27 әкімшілік айыппұл салынды, – деді Б.Қалжанов.

Бауыржан Ахметәліұлының айтуынша, 2020 жылы өндірістік орындардағы жазатайым оқиғалар өткен жылдармен салыстырғанда едәуір азайған. Бұл әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссия отырысына кәсіпорын өкілдерін шақырып, жазатайым оқиғаларға жол бермеу және оның алдын алу шараларын қарастыру нәтижесінде жүзеге асып отыр.