Кестеге сәйкес жұмыс күндері 5 автобус, ал демалыс күндері 3 автобус бағытқа шығады.
Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік қызметін оңтайландыруға орай және жолаушылардың ұсыныс-тілектері негізінде №8 бағыт ашылды.
Мақсат – қала аумағына кейіннен қосылған шағынаудандарды, соның ішінде Тоғыс тұрғын алабын қамтып, тұрғындардың қала орталығына қатынауын жеңілдету.
Жаңа бағыт алғашқы кезеңде пилоттық жоба ретінде ұйымдастырылып отыр. Жолаушылар ағымына сәйкес қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Кестеге сәйкес жұмыс күндері 5 автобус, ал демалыс күндері 3 автобус бағытқа шығады. Қозғалыс аралығы 28-45 минут. Бағыт сызбасы Тоғыс тұрғын алабындағы Мұнайбарлаушылар көшесінен бастап «Көл» аялдамасына дейін жалғасады.
Жаңа №8 бағыт ертеңнен бастап қала тұрғындарына қызмет көрсете бастайды. Автобустар легі Тоғыс тұрғындары үшін қала орталығына жетуді едәуір жеңілдетіп, қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.