​Шымкентте жасөспірімдер қолына қару ұстаған қылмыскерді тоқтатты

0
93


​Шымкентте жасөспірімдер қолына қару ұстаған қылмыскерді тоқтатты

Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесінде орналасқан ломбардтардын бірінде бетіне медициналық маска киіп алған белгісіз тұлға қолына тапаншаға ұқсас затпен ломбард қызметкерлерін қорқытып 100.000 теңге қаражат талап еткен.

Ломбард ішінде тұрған 17-18 жасар ер азаматтар қылмыстын алдын алу мақсатында құқықбұзушыны тәртіп сақшылар келгенше ұстап алған.

Тұран аудандық полиция қызметкерлері дер кезінде келіп құқықбұзушыны тұтқындаған. Аудандық полиция басқармасының бастығы Тілеуов Нұржан өз кезегінде жасөспірімдердің танытқан ерлігі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Бөлісу