Кездесудің мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлық, нашақорлық құқықбұзушылықтың алдын алу.
Шымкент қаласында "Жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қорғау" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Әль-Фараби ауданы мамандары ұйымдастыруымен "Политехникалық"колледжі студенттерінің қатысуымен «Stop bullying» акциясы ұйымдастырылды.
Аталған кездесуге Қазақстан психологтар лигасының мүшесі, ҚР Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің спикері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы "Әйелдер, және отбасы- демографиялық саясаты" жөніндегі комиссиясының мүшесі Қойшиева Лимана Құттыбекқызы қатысты.
Кездесудің мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлық, нашақорлық құқықбұзушылықтың алдын алу.