Шымкентте жолаушылар автобусы тайып жол шетіне шығып кеткен

0
660

Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас​пасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкентте жолаушылар автобусы тайып жол шетіне шығып кеткен

фото: әлеуметтік желіден алынды

Шымкентте 42 бағыттағы жолаушылар автобусы тайып жол шетіне шығып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға ауа-райының қолайсыздығынан, яғни қардың нормадан тыс жауғаны салдарынан болған. Қоғамдық көліктің ішінде жолаушылар болмаған.

"Ауа-райының қолайсыз болып, қардың нормадан тыс жауғаны салдарынан аталған автобус маршруты жолдан тайып кеткен. Көлік оқиғасы орын алмаған және қоғамдық көлігіне ешқандай зақым келмегені анықталды", - делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 2023 жылдың 10 қаңтар күні таңертең бекітілген кестеге сәйкес, 735 автобус маршруттары линияға шыққан. Таңертең шыққан автобус маршруттары бойынша кешкі рейдтің нәтижесінде барлық 735 қоғамдық көлігі автопарктерге толық келгені анықталды.