Шымкенттегі «БАЛАУСА» орталығында ерекше балаларға кешенді қызмет көрсетіледі

0
76

Дефектолог, психолог, логопед, еңбек нұсқаушысы, АФК және ЛФК мамандары, массажистер арнайы сабақтар мен сауықтыру шараларын өткізеді.


Шымкенттегі «БАЛАУСА» орталығында ерекше балаларға кешенді қызмет көрсетіледі

Шымкент қаласындағы «Балауса» балалар орталығы 2026 жылдың сәуір айынан бастап жартылай стационарлық үлгіде қызмет көрсетуде.

Мұнда психоневрологиялық патологиясы және тірек-қимыл аппараты бұзылған, 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қамтылған.

Сыйымдылығы 150 орындық орталықта балалардың денсаулығын нығайту, түзету-дамыту қабілеттерін арттыру және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіледі.
Күн тәртібіне сәйкес дефектолог, психолог, логопед, еңбек нұсқаушысы, АФК және ЛФК мамандары, массажистер арнайы сабақтар мен сауықтыру шараларын өткізеді. Тәрбиешілер балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, қоршаған ортаны танып-білуіне және өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруына жағдай жасайды.
Балалардың күні таңғы жаттығудан басталып, түзету-дамыту сабақтары, ойындар, шығармашылық жұмыстар және таза ауадағы серуенмен жалғасады. Сонымен қатар, күніне төрт мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Орталықтағы әр қызмет баланың жеке қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып ұйымдастырылып, олардың белсенділігін арттыруға, жаңа дағдыларды меңгеруіне және өзіне деген сенімін қалыптастыруға бағытталған.
Бөлісу