Шымкенттегі провизорлық орталықтан 200 науқас емделіп шықты

0
843

Емдеу орталығында білікті 21 дәрігер мен 70 орта буын медицина қызметкері бар.


Шымкенттегі провизорлық орталықтан 200 науқас емделіп шықты

Шымкент қаласында инвестор көмегімен ашылған стационарда алғашқы он күнде 344 науқас жатқызылып, олардың 200-ге жуығы емделіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

400 төсек-орындық ЖРВИ және пневмониямен күдікті науқастарға арналған провизорлық емдеу орны күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.

Емдеу орталығында білікті 21 дәрігер мен 70 орта буын медицина қызметкері бар. Мұнда 34 оттегі балонын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, барлық қажетті дәрімен қамтылған, науқастарға күніне 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. Барлық санитарлық талаптар сақталған.

Жалпы қалада бүгінгі күні коронавируспен күреске арналған 650 төсек-орын, 26 жерден 3110 төсек-орындық провизорлық стационар, ал ауыр дәрежедегі науқастарға 136 жансақтау төсек-орын жасақталды.