Шымкенттегі саябақтар мен гүлзарлар толықтай масаға қарсы залалсыздандырылды

0
834

Дәрілеу жұмыстары техника және қол күштерімен орындалуда.


Шымкенттегі саябақтар мен гүлзарлар толықтай масаға қарсы залалсыздандырылды

Қазіргі таңда Шымкентте масаларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл іс 4 айға жоспарланған. Мамыр айында басталған дәрілеу жұмыстары тамызға дейін кезең-кезеңімен жалғасады. 4 айда шамамен 4 млн шаршы метрден астам жер өңдеуден өтеді. Дезинфекциялау жұмыстарының негізігі мақсаты - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан дәрілеу жұмыстары негізінен халық көп шоғырланатын өзен-каналдардың аумағымен саябақтарда және скверлерде жүргізілуде.

Жұмыстың атқарылуы қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы тарапынан бақылануда. Басқарма басшысы Абунасыр Жанбатыровтың айтуынша, осы уақытқа дейін қаладағы жалпы аумағы 2 361650 шаршы метрден асатын барлық саябақтар мен 855 064 шаршы метр гүлзарлар толықтай залалсыздандырылған. Ал, өңдеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіске жеткен «SATTI TULIK» ЖШС жүргізуде.
Дәрілеу жұмыстары техника және қол күштерімен орындалуда. Ал, улы жәндіктерге қарсы Фипрон жане Корденал дәрілері қолданылуда. Жауапты сала мамандарының айтуынша, бұл дәрілер шашылғанан кейін жәндіктерге 10-15 минутта әсер етеді. Сонымен қатар күші 10-15 күнге жетеді. Бұл бір рет өңдеуден өткен жерге екі апта көлемінде масалар жуымайды деген сөз.