Шымкенттік 200 бала президент сыйлығын алды

0
2 519

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге сыйлықтар берілді.


Шымкенттік 200 бала президент сыйлығын алды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірнеше баланың отбасыларына барып, Президент атынан келген құттықтау хатын арнайы оқып, сыйлықтарын табыстады, деп хавбарлайды ERNUR.KZ

- Келе жатқан Жаңа жылың құтты болсын! Бұл мереке саған көп жақсылық әкелсін! Білім жолындағы талабыңа нұр жаусын! Қаңатың талмасын! Сенің елін сүйетін ұлтжанды әрі саналы азамат болып өсуіңе тілектеспін. Арман-мұратына жете беріңдер, - деп айтылған құттықтау хатта.
Президент сыйлығын алған балаларды әрбір мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңесі шешті. 200 оқушының тізіміне жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндер іріктеп алынды.