Шымкенттік азамат баласын шетелге тастап кеткен бұрынғы әйелін сотқа берді

0
1 550

Жігіт арызында перзентін өзімен бірге алып кетіп, баққысы келетінін жеткізген.


Шымкенттік азамат баласын шетелге тастап кеткен бұрынғы әйелін сотқа берді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Екі жасар қызын анасынан ажыратып алмақ болған Шымкент қаласының тұрғыны сотқа арызданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласының тұрғыны Қ.И. бұрынғы жұбайы Д.А.-дан 28.06.2017 жылы дүниеге келген қызы А.А.-ны айырып алу туралы сотқа талап арыз берген. Жігіт арызында бұрынғы әйелінің баласын өзге елдегі туыстарына қалдырып, өзі шет мемлекетте жұмыс істеуге кеткеніне көндіге алмағанын және перзентін өзімен бірге алып кетіп, баққысы келетінін жеткізген. Сондай-ақ, алқа отырысында істің мән-жайы анықталған соң, судья медиатор бұрынғы ерлі-зайыптылармен сұхбаттасып, нәтижесінде қыздың әке-шешесі бітімгершілікке келуге өтініш берген.

«Медиациялық келісім бойынша бүлдіршін қыз анасының тәрбиесінде қалып, ал оның әкесіне қызымен кездесіп тұру уақыттары белгіленді. Осылайша, азаматтық іс жүргізу өндірісінде баланың ата-анасымен қарым-қатынаста болу құқықтары қорғалды» - делінген Шымкент қаласы сотының шешімінде.