Шымкенттік азамат түрмедегі туысына тыйым салынған затты сүттің ішіне салып өткізбек болған

0
597

Қазіргі уақытта аталған тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес тиісті құжаттар жиналып, сотқа жолданды.


Шымкенттік азамат түрмедегі туысына тыйым салынған затты сүттің ішіне салып өткізбек болған

Шымкент қаласының тұрғыны, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/3 қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеп жатқан туысына тыйым салынған затты сәлемдеме арқылы қоюландырылған сүттің ішіне салып өткізбек болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұқият тексеру кезінде мекеме қызметкерлері ерекше иісі бар екі бөтелке қоюландырылған сүтті анықтаған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, кейіннен сараптама жүргізілген.

Бұдан басқа, сотталушының атына келіп түскен бандерольдердің бірін тексеру кезінде дезодоранттың ішінде шебер жасырылған зарядтау құрылғысы бар ұялы телефон табылып, тәркіленген.

Қазіргі уақытта аталған тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес тиісті құжаттар жиналып, сотқа жолданды. Сонымен қатар аталған тұлғаға 10 АЕК көлемінде айыппұл немесе ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған факті СДТБТ-де тіркеліп, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментімен тиісті тексеру жүргізілуде.