Шымкенттік басқарма автобус компанияларының басшыларына талап қойды

0
1 073

Үшінші мегаполистегі автобустар уақытынан бұрын тоқтап қалатыны анықталған.


Шымкенттік басқарма автобус компанияларының басшыларына талап қойды

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көліктердің жұмыстарына мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және "Диспетчерлік қызмет орталығы" ЖШС-нің мамандары көлік компанияларының жол қауіпсіздік инженерлерімен бірлесіп қоғамдық көліктердің жұмыстарына мониторинг жүргізіп жатыр.

Аталған іс-шара барысында қалалық бағыттарда қызмет көрсететін тасымалдаушы көлік компанияларының басшыларына Қазақстан Республикасының "Автомобиль туралы" Заңына және түзілген шарттарға сәйкес жұмысты ұйымдастыру, бағыттарда бекітілген қозғалыс кестелерін, қозғалыс жиілігін қатаң сақтау, кешкі уақыттағы қозғалыс жиілігін орындау туралы талап қойылып, бағыттардың жұмыстары Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бақылауына алынған.

«№138 автобус бағыттарына қызмет көрсететін "Shymkent bus" ЖШС-нің басшылығына бағыттың жұмысын қолданыстағы заңнамалар мен келісім шарт талаптарына сәйкес, кешкі уақытта қозғалыс кестелерін қатаң сақтап жұмысын ұйымдастыру туралы талап қойылды», - делінген аталған басқарманың мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент қаласындағы белсенді жастар Қоғамдық көлік бөлімінің басшысымен бірге кешкі уақытта автобустардың қызмет көрсетуін тексеріп, рейд жасаған еді.