Бес дүркін Ел чемпионы, Жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы
ERNUR.KZ. Биыл бокстан Әлем чемпионы болған жерлесіміз Махмұд Сабырхан «Жылдың үздік спортшысы» атағына ие болды.
Марапатты ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Боранбайұлы табыс етті.
Махмұд Сабырхан 2001 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Спортта жеткен жетістігі толағай.
Бес дүркін Ел чемпионы, Жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы және Жастар арасындағы Әлем біріншілігінің қола жүлдегері. Ал ересектер арасында Азия чемпионатында 2-орын, 2021 жылы Әлем біріншілігінде де финалда сүрініп, күмісті қанағат етті.
Биыл бұл белесті бағындырып, Ташкент төрінде ринг қожайыны Айбек Жораевты айқын басымдықпен жеңіп, Әлем чемпионы (54 келі) атанды.
Айта кетейік, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Президенттік орталықтағы салтанатты марапаттау кешінде байрақты бәсекелерде ел абыройын асқақтатқан спортшылар 18 номинация бойынша марапатталды.