Шымкенттік дәрігерлер бензин ішіп қойған бүлдіршінге көмектесті

0
661

Бала бензинді тәтті сусын деп ішіп қойған.


Шымкенттік дәрігерлер бензин ішіп қойған бүлдіршінге көмектесті

Қаладағы Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығы мамандары бензин ішіп қойған бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келеңсіз жағдай 12-қазан күні болған. Аз уақытқа ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін үйдегі құтыда тұрған бензинді тәтті сусын деп ішіп қояды. Соның салдарынан баланың аузы, өңеші мен асқазаны күйіп қалып, қаладағы Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жедел жәрдеммен жеткізілген.

Дәрігерлер бүлдіршінге көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

«Бүлдіршін емін жалғастыруда. Лор дәрігер мен реаниматолог кеңес берді. Токсикологтар бақылап, ем-дом жүргізіп жатыр. Ол толықтай сауыққанша орталықта болады», - дейді гипербарикалық оттегілеу орталығының дәрігері Шерзат Октябров.

Бүлдіршін бүгін өзі тамақтанып та жатыр. Енді бірнеше күннен кейін үйіне шығаруда да жарап қалады.