Шымкенттік дәрігерлер қала тұрғындарын ревакцинация жасауға шақырады

0
470

Ревакцинация үшін екпенің тек бір дозасы қолданылады.


 Шымкенттік дәрігерлер қала тұрғындарын ревакцинация жасауға шақырады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттік дәрігерлер қала тұрғындарын ревакцинация жасауға шақырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші құрамдас бөлігін қаладағы кез келген емханаға барып, салдыруға болады.
Үшінші дозаны вакцинация курсынан толық өткеннен кейін 6-9 ай аралығында салу ұсынылды. Ревакцинация үшін екпенің тек бір дозасы қолданылады.
Бүгінге дейін қалада алты мыңға жуық тұрғын екпенің үшінші дозасын салдырған. Вирусқа қарсы вакцина салдырғандардың басым бөлігі медицина мамандары.