Конференция барысында мамандар түрлі тақырыпта баяндама жасап, өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісуде.
Шымкент қалалық онкологиялық орталығының дәрігерлері Астана қаласында өтіп жатқан "Онкологияға инновациялық технологияларды енгізудің тәжірибесі мен болашағы" тақырыбындағы халықаралық ғылыми практикалық конференцияға белсене қатысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Конференция барысында мамандар түрлі тақырыпта баяндама жасап, өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісуде. Мұндай іс шаралардың дәрігерлер біліктігін арттыруда, сондай-ақ қатерлі ісікпен күресті нығайтуда маңызы орасан. Дүние жүзі елдерін алаңдатып отырған онкологиялық аурулармен тиімді күресу мақсатында ұйыстырылған іс шараға отандық дәрігерлермен қоса Ресей, Ундістан,Грузия ТМД елдерінің жетекші онколог мамандары қатысуда. Жергілікті дәрігерлер халықаралық конференцияда онкологиялық ауруларды емдеуде тың әдістермен танысып, медицинасы озық дамыған мемлекеттердің қолданысындағы заманауи тәжірибелерді меңгеруге мүмкіндік алып отыр.
Шымкент қалалық онкологиялық орталығының мамандары біліктіліктерін арттыруда шетелдік әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Мұндай тәжірибе алмасу шаралары қалада қатерлі ісік ауруларын алдын алуда, емдеуде оң нәтижелерін беруде.
Айта кетейік, биыл Шымкентте балалар үшін 10 мобильді педиатриялық бригада құрылды. Емханаларда отбасын жоспарлау және баланы дамыту кабинеттерінің саны 2 есеге артты. Алдағы 3 жылда 5 емхана, 200 төсектік заманауи периниталдық орталық, университеттік аурухана мен 700 адам қабылдайтын орталық салу жоспарда бар. Айта кетейік, қалалық денсаулық сақтау басқармасының ведоствалық бағынысты 33 медициналықұйымы бар, оның ішінде 12 емхана, 15 аурухана, 6 басқа ұйымдар. Қалада тәуліктік 4125 төсек-орын күндізгі стационарда 1959 төсек-орын бар. Шымкент қаласында 4760 дәрігер қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 42,1 құрайды. Сонымен қоса, 10496 орта буын медициналық маман қызмет етеді, ал, оны 10 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 92,8 пайыз құрап отыр.