Егер де ауру өрши түскен жағдайда науқастар арнайы жеке палатада жатады.
Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаев коронавирус өрши түскен жағдайда науқастарды емдеуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
- Егер де ауру өрши түскен жағдайда науқастар арнайы жеке палатада жатады. Оған қауіпсіздігі жоғары орын дайындалған, - деді бас дәрігер.