Шымкенттік ескекші Азия Чемпионатында чемпион атанды

0
70

Қазақстан құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 9 қола медальмен командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.


Шымкенттік ескекші Азия Чемпионатында чемпион атанды

Қытайдың Хэфэй қаласында ескек есуден Азия чемпионаты қорытындыланды.

Лос-Анджелес Олимпиадасы жолындағы маңызды рейтинг турнирі саналатын бәсекеге 22 елден 400-ге жуық спортшы қатысқан болатын.

Шешуші сайыстардың нәтижесі бойынша Шымкенттің спортшылары 1 күміс және 3 қола медаль ұтып алып, Қазақстан құрамасының қоржынына қомақты үлес қосты.
Алтын медаль: Стелла Суханова (Байдарка, 1000 метр);
Күміс медаль: Стелла Суханова, (Байдарка, 5000 метр);
Қола медальдар: Қазақстан құрамасы (Сергей Емельянов, Руфина Искакова, Каноэ, 500 метр, микст);
Қазақстан құрамасы (Тимофей Емельянов, Каноэ, 1000 метр, микст);
Стелла Суханова (Байдарка, 500 метр);
Қазақстан құрамасы (Эвелина Костенко, Ольга Шмелёва, Татьяна Токарницкая, Стелла Суханова, Байдарка, 500 метр.
Жалпы, Стелла Суханова 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль ұтып алып, чемпионаттағы ең көп жүлде иеленген спортшылардың қатарынан көрінді. Осылайша шымкенттік ескекшілер чемпионатты 1 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлдемен аяқтады.
Ал Қазақстан құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 9 қола медальмен командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.
Бөлісу