Шымкенттік қос модель әлем сәнгерлерін тәнті етті

0
2 190

"Incheon International Single-media Festival" фестиваліне Орталық Азиядан Нұрсұлтан Алентаев, Айғаным Ниязбек (Қазақстан), Фотима Махмадалиева (Тəжікістан), Эвелина Ярош жəне Алина Абубакирова (Кырғызстан), Ситора Исломова мен Исломбек Гайнутдинов (Өзбекстан) қатысқан.


Шымкенттік қос модель әлем сәнгерлерін тәнті етті

Шымкенттік сымбатты қыз-жігіттер əлем сəн подиумдарын жаулап жатыр. Сөзімізге дəлел, таяуда ғана, қарашаның 3-4 аралығында Оңтүстік Кореяда өткен "Incheon International Single-media Festival" фестиваліне қатысып, шымкенттік қос модель қазақ қыз-жігіттерінің сыры мен сымбатына əлем сəнгерлерін тəнті етіп келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ниязбек Əйгерім мен Алентаев Нұрсұлтан Шымкенттегі "SULUMODELS" сəн агенттігінің модельдері. Оңтүстік Кореялық сəн фестивалінің ұйымдастырушылары шымкенттік модель Ниязбек Айғаным мен Алентаев Нұрсұлтанды бір емес, бірнеше рет арнайы шақыртқан. Олар бұған дейін Asia Model Festival-ға арнайы іріктеуден өтіп, қатысып келген болатын. Аталған фестивальдің 2015, 2016, 2017, 2018 жылдарының қатысушылары жер шарының төрт бұрышынан жиналды.

Айта кету керек, "Incheon International Single-media Festival" фестивалі Оңтүстік Кореяда тұңғыш рет өткізілді. Инчеон қаласында өткен салтанатта əлемнің 22 елінен 36 модель қатысқан. Барлығы да өз елдерінің ұлттық киімдерін насихаттап, ұлтық құндылықтарын паш еткен. Фестиваль көрсетілімінде шымкенттік модельдер қазақтың ұлттық киімінің бар салтанат сəнін көрсетіп, əлем сəнқойларының алдында қазақ ұлтының киім мəдениетінің жаухарларымен таныстырған. Incheon International Single-media Festival" фестиваліне Орталық Азиядан Нұрсұлтан Алентаев, Айғаным Ниязбек (Қазақстан), Фотима Махмадалиева (Тəжікістан), Эвелина Ярош жəне Алина Абубакирова (Кырғызстан), Ситора Исломова мен Исломбек Гайнутдинов (Өзбекстан).

Айта өтейік, "Incheon International Single-media Festival" фестиваліне Asia Model Festival Азия сəн апталығының қатысушылары қайта шақыртылған. Нұрсұлтан Алентаев 19 жасынан бастап "SULUMODELS" сəн агенттігінің моделі. "Face of central Asia" сəн салтанатына 2015 жылы қатысып, кейіннен Сеул қаласында өткен Asia Model Festival-дің ақтық мəресіне арнайы шақыртылған болатын.

Айғаным Ниязбек те "SULUMODELS" сəн агенттігінің моделі. Сымбаты мен көркі келіскен Алтынай М.Əуезов атындағы ОҚМУ студенті. Айғаным Ниязбек "Шымкент аруы-2018" титулының иегері.