Шымкенттік полицейлер қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді

0
905

Іс-шараның басты мақсаты – індеттің таралуын алдын алу.


Шымкенттік полицейлер қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетовтың тапсырмасымен індетті алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шараларға 200-ден астам еріктілер жұмылдырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы орайда Шымкент қ. ПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 50-ден астам еріктілермен бірлесіп тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Онда полиция қызметкерлері мен еріктілер тұрғындарға жеке қорғану құралдарын пайдалануды, үйден шықпауға, адамдармен арақашықтықты сақтауға, адам көп шоғырланатын орындаға бармауға және жеке гигиенаны сақтауға шақырады.

Қабылданып жатқан іс-шараның басты мақсаты – індеттің таралуын алдын алу болып табылады.