Шымкенттік полицейлер металл қабылдау нүктелері бойынша кезекті рейд өткізді

0
987

Металл қабылдаушылар құқықбұзушылыққа жол бермеген.


Шымкенттік полицейлер металл қабылдау нүктелері бойынша кезекті рейд өткізді

Шымкент қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері ұрланған заттарды, соның ішінде кәріз люктерін сатып алуға және өткізуге жол бермеу бойынша рейд жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Рейд барысында полицейлер қала аумағында орналасқан 70-тен астам металл қабылдау нүктелерін тексерді. Нәтижесінде, металл қабылдау нүктелерінің иелері тарапынан құқықбұзушылық жайттары анықталмаған және олармен профилактикалық әңгіме сұхбат жүргізілген.