Шымкенттік сауда орындарындарында онлайн төлем жағдайы қандай?

0
1 700

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирус қағаз беттерінде және пластиктерде біраз уақытқа дейін қала береді. Сондай-ақ, COVID-19 вирусы қағазда 3-4 күнге дейін, ал пластиктерде 9 күнге дейін сақталатындығын айтқан еді.


Шымкенттік сауда орындарындарында онлайн төлем жағдайы қандай?

Корнавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында Шымкент қалалық төтенше жағдай жөніндегі штабы сақтық шаралары үшін қала тұрғындарынан қолма-қол төлемді пайдаланбауды ұсынған болатын.

Сондықтан тауар сатып алу кезінде төлемдерді онлайн жүргізудің қауіпсіздігі елімізде де ескеріліп, ол үшін шара қабылданған болатын.

Осыған орай, ERNUR.KZ тілшісі сауда орындары мен азық-түлік сататын дүкендерде төлемдердің қалай жүріп жатқандығымен танысып қайтты.

Бұл Шымкент қаласындағы "Алаш" базары. Келіп жатқан сатып алушылар қатары аз, санаулы ғана. Базар аумағында азық-түлік сататын орындар ғана жұмыс істеп тұр.

Мұндағы сатушылардың айтуынша, тұрғындардың барлығы онлайн төлем жасамайды. Өйткені, кейбірінің ондай мүмкіндіктері болмайды. Сондықтан, көбіне халық қолма-қол есептесіп, азық-түлік сатып алатындығын айтты.


"Халықтың өзі онлайн төлем жасағысы келеді. Ал, азық-түлік сататын фирмалар қолма-қол ақша беріңдер немесе 3 пайыз қосып бер дейді. Ал, мен өзім 2 пайызға отырған адаммын. Мына жерде жүрген балаларға беретін жалақы мен Үкіметке төлейтін салықтан басқалары да бар. Қазір келушілердің саны азайған. Пайда да аз. Осындай кезде аренданы да шегере тұрса деген ойымыз бар. Бірақ, халықтың көпшілігі онлайн төлем жасауға дайын емес", - дейді сатушы. (Аты-жөнін атамауды өтінді)

Достық шағын ауданында орналасқан "Ақ босаға" атты кіші маркетінде де жағдай осындай. 100 пайыз онлайн төлем қабылдайды дей алмаймыз. Сатушының сөзінше, кейбір келушілер "Каспий Голдқа" сатып алған тауардың құнын аударады екен. Бірақ барлығы емес. Халықтың бәрінде бірдей онлайн төлем жасауға мүмкіндіг жоқтығын айтып отыр сатушылар.

Асар шағын ауданында орналасқан "Сымбат" шағын маркетінде де жағдай осы. Келушілерді қыспақтап, "онлайн төлем жасаңыз" деп жатқан ешкім жоқ. Сатып алушылардың көпшілігі қолма-қол төлем жасап жатқандығына куә болдық. Алайда, сатушылар да, сатып алушылар барынша сақтық шараларын жасап, бетперде мен қолдарына қолғап киіп алған.